Құралайдың салқыны: Қазақстандағы киік саны 4,5 миллионнан асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада тұрғын үй ауласында бірін-бірі аяусыз тепкен жаға ұстатарлық төбелес болды (ВИДЕО)

Астанада тұрғын үй ауласында бірін-бірі аяусыз тепкен жаға ұстатарлық төбелес болды (ВИДЕО)

Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында бірнеше адамның қатысуымен жаппай төбелес орын алды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада жанжалға қатысушылардың бір-бірін жерге құлатып, аяусыз соққыға жыққаны көрінеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, қақтығыс бір мезетте бірнеше жерде өрбіген. Оқиға тұрғындардың алаңдаушылығын туғызып, қоғамдық қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді.

Жергілікті тұрғындардың пікірінше, мұндай жанжалдардың жиілеуіне тұрғын үйлердің алғашқы қабаттарында орналасқан ойын-сауық орындары мен көңіл көтеру мекемелерінің түнгі уақытта жұмыс істеуі әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты кешкі сағат 22:00-ден кейін мұндай нысандардың қызметін шектеу мәселесі де талқылануда.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, төбелеске қатысқан барлық азаматтарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталады.

Полиция өкілдері қоғамдық тәртіпті бұзуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге байланысты заңнамада жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, тұрғындарды кез келген даулы мәселені күш қолданбай шешуге шақырды. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.