Алматыда Төле би мен Саин көшелерін ұзарту жұмыстары аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда Төле би мен Саин көшелерін ұзарту жұмыстары аяқталады

Алматыда Төле би мен Саин көшелерін ұзарту жұмыстары аяқталады
фото: gov.kz

2026 жылы Төле би көшесін ұзарту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәслихат сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Аталған жобаны жүзеге асыруға 13,6 млрд теңге қарастырылған. Оның айтуынша, бұл ауданаралық көлік қатынасын жақсартып, іргелес көшелердегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Саин және Оңғарсынова көшелерін ұзарту жұмыстарын аяқтауға да қаржы бөлу көзделген.

Бауыржан Құдайбергеновтің айтуынша, қосымша 1,3 млрд теңге Алатау ауданындағы Ғажайып және Алғабас шағынаудандарында салынып жатқан жаңа мектептерге апаратын жолдың құрылысына жұмсалады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.