Алматыдағы пластикалық хирургиямен айналысатын Smart Beauty клиникасы блогер әрі кәсіпкер Сауле Ермаханованың қайтыс болуына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.
Клиника ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
«Қазіргі уақытта оқиға бойынша заңнамада қарастырылған барлық рәсімдер жүргізілуде. Дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігіне, науқастың отбасына құрмет көрсетуге және жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігіне байланысты клиника ресми тексерулер аяқталғанға дейін оқиғаның мән-жайы мен медициналық егжей-тегжейлерін ашық түрде түсіндіре алмайды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ клиника жұртшылықты расталмаған ақпарат пен болжам таратпауға шақырды.
Сауле Ермаханова 15 мамырда қайтыс болған. Туыстарының айтуынша, ол операция кезінде көз жұмған. Бұл факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Денсаулық сақтау министрлігі жеке клиникаға толық тексеру жүргізіп, косметологиялық қызмет көрсететін мекемелерге бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.