“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда шенділер үшін көлік жалдауға 120 млн жұмсалады

Алматыда шенділер үшін көлік жалдауға 120 млн жұмсалады

Алматы қаласы әкімі аппараты қызметтік көліктер үшін 120 млн жұмсамақшы, деп хабарлайды ORDA.

Лот құжатында берілген көліктер дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда 8:00-ден 18:00-ге дейін іссапарға шығатындығы жазылған. Бірақ онда қалаған көліктің маркасы және басқа талаптары көрсетілмеген. Қызмет 10 айға есептелген.

Сонымен қатар, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесі – «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының Автокөлік қызметі» ЭБҚ ММК 93 млн теңгеге автокөлік жалдаған, мұнда бизнес-класс және люкс класс үлгілері ұсынылған.

Павлодар облысының әкімі автомобильдерді жалға алуға тиісінше 138 млн теңге жұмсаған, бұл Елбасына жұмсалар қаражаттан да көп. Ал Экология министрлігі жыл сайын автокөлік жалдауға 100 млн теңге жұмсайды.

Автор
Данияр