KZNEWS.KZ
Әлеумет

Алматыда Satbayev University проректоры ұсталғаны расталды

• Жарқын Омаров
Фото: Satbayev University

Прокуратураның хабарлауынша, іс тек Ержан Күлдеевке ғана емес, басқа да тұлғаларға қатысты қозғалған. Тергеуді Бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу-жедел тобы жүргізіп жатыр.

«Бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу-жедел тобы Е.И. Күлдеев және басқа да тұлғаларға қатысты бірқатар сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр», – делінген Алматы прокурорының бірінші орынбасары Санат Талқанбаевтың жауабында.

Прокуратура мәліметінше, күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Оған Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты санкция берген.

Ал қылмыстық істің нақты қай баптар бойынша тергеліп жатқаны әзірге белгісіз. Прокуратура Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеме жасап, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпаратты жариялай алмайтынын түсіндірді.

Айта кетейік, Satbayev University ресми сайтында Ержан Күлдеев әлі де корпоративтік даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор ретінде көрсетілген.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →