Қысқа сілтеме алу
Алматы көшелерін қар басып қалды. Қар күшейтілген режимде тазартылуда, ал құтқарушылар алматылықтарға таулар жаққа бармауға кеңес берді
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Алматыда қалың қар жауды. Қалада омбы қар биіктігі 15 сантиметрге, ал таулы аудандарда 25 сантиметрге дейін жетеді.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=1TugY-Robmc[/embed]
16 ақпан түнгі сағат үштен бастап қалада жаңбыр, одан кейін қар жауып жатыр, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Көктайғақ болмас үшін қаладағы жолдардың барлығына арнайы материалдар себіліп жатыр екен.
© Sputnik /
Алматыда қар жауды
"Таңғы сағат тоғыздағы жағдай бойынша, 3 073 тонна көктайғаққа қарсы материал қолданылған. Қар сағат 05:00-тен бастап тазартылып жатыр", - деп хабарлады әкімдік.
Тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдары, автобус аялдамалары мен тұрақтар қардан тазартылуда. Барлығы 597 техника және 1 668 жұмысшы жұмылдырылған.
sputniknews.kz