ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда ондаған наразы ипотекасын кешіруді талап етті

Алматыда ондаған наразы ипотекасын кешіруді талап етті

21 мамырда Алматыда 60-тан аса адам ипотекалық кредиттерін кешіруді талап етіп, "Нұр Отан" партиясы ғимаратының алдына жиналды. Жиналғандар арасында басқа қаладан келгендер де бар.

Наразылар 2005-2009 жылдары ипотекалық кредит алып, түрлі жағдайға тап болған соң қарызын төлей алмай отырған азаматтардың қарызын кешіруді талап етті. Олар қарызды кешіруді "банктер емес, үкімет арнаулы заңмен бекітуі керек" деді. Наразылар "Банктер азаматтарға тартып алған үйді қайтаруы керек" деп те талап қойды.

Тікелей эфир: "Нұр Отанға" келген наразылар

Наразыларды "Нұр Отан" партиясының Алматыдағы филиалының өкілі Борис Жапаров қабылдады. Ол "жиналғандардың талабы орынды" деді.

- Айтқандарыңыз - Үкімет пен Ұлттық банк жұмыс істеуі тұрарлық мәселелер. Талаптарыңыз - тұрмыстық жағдайын көтеруі үшін ипотека алып, күтпеген қиындыққа тап болған адамдардың үні. Сіздер сияқты [Қазақстанда] жүздеген мың адам бар, - деді ол.

Жапаров "мәселені қарастырамыз" деді.

Жаңалық толықтырылады.


Azattyq
Автор
Әлихан