"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда мас жүргізуші 15 жастағы қызды қағып кетті

Алматыда мас жүргізуші 15 жастағы қызды қағып кетті

Алматыда 15 жастағы қызды автокөлік қағып кетті. Бұл туралы қаланың полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары бойынша орынбасары Рустам Әбдірахаманов Facebook-те мәлім етті.

«4 мамыр күні сағат 22:10-да 1982 жылғы А. мас күйде «Ауди А6» автокөлігімен Іле даңғылы бойындағы №286 ғимаратқа қарама-қарсы көлік жүретін жолдың ортасында тұрған 2006 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған Д.-ны басып кетті», - деп жазды Рустам Әбдірахманов.

Жүргізуші оқиға орнынан жаяу жасырынбақ болған, алайда оны ізін суытпай ұстайды.

«Қыз медициналық мекемеге жеткізілді. Өкінішке орай, алған жарақатынан есін жимай көз жұмды. Айыптыға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы (ҚР ҚК 345-1-бабы 3-тармағы және ҚР ҚК 347-бабы) бойынша соталды тергеу басталды», - деп қосты Рустам Әбдірахманов.






Автор
Еркебұлан