Алматыда Төле би және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған Audi Q7 және Toyota Camry көліктері соқтығысып, жол апатынан 7 адам зардап шеккен. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Фото: zakon.kz
Оқыс оқиғадан Audi көлігі аударылып, екіншісі тротуарға шығып кеткен. Салдарынан жеті адам зардап шегіп, үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Фото: zakon.kz
Оқиға куәгерлерінің сөзінше, Audi көлігінің алдына басқа бір белгісіз көлік атып шығып, солға бұрылған екен. Жүргізуші соққының алдын аламын деп қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сол жерде Toyota Camry көлігін қағыпты.

Фото: zakon.kz
Құтқарушылар көлікті кесіп, жүргізушіні алып шықты.

Фото: zakon.kz
Сіздің реакцияңыз
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz