Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда ірі жол апаты: 23 адам зардап шекті

Алматыда ірі жол апаты: 23 адам зардап шекті
Фото: zakon.kz

Ресми ақпаратқа сәйкес, шығыс бағытта қозғалып келе жатқан МАЗ жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алдымен қатар жүріп келе жатқан Mercedes пен KIA Sportage көліктеріне соқтығысқан. Кейін қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, №10 бағыттағы жолаушылар автобусына және Subaru автокөлігіне соққан.

Апат салдарынан 23 адам түрлі жарақат алып, қаладағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында автобус жолаушылары мен KIA Sportage жүргізушісі бар. Қазір олардың жағдайы нақтылануда.

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем, құтқару қызметі және полиция өкілдері тартылған. Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.