Полицияның хабарлауынша, әйелдер алдын ала өзара рөлдерді бөлісіп, топ болып әрекет еткен, деп хабарлайды kznews.kz.
Тергеу нұсқасы бойынша, олар ұрлықтарды базарларда, қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын басқа да орындарда жасаған. Олардың олжасына ұялы телефондар, ақша және алтын әшекейлер түскен.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұсталғандар Алматы қаласында жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін.
Тергеу жалғасуда. Полицейлер олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.