7 қыркүйекте Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында екі көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Соққыдан кейін көліктердің бірі аударылып, төбесімен қалған, деп хабарлайды kznews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, көліктердің бірі жоғары жылдамдықпен қозғалған. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы көлікпен соқтығысқан болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Оқиға салдарынан көліктерге айтарлықтай зақым келген. Қазір жол апатынан зардап шеккендер бар-жоғы анықталып жатыр.
Полиция оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтауда. Тергеу қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғасына құқықтық баға беріледі.