Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда 85 жастағы талапкер ҰБТ тапсыруға келді (видео)

Алматыда 85 жастағы талапкер ҰБТ тапсыруға келді (видео)

Алматы қаласында өткен тамыз айындағы ҰБТ-ға ерекше қатысушы келді. 85 жастағы Нұрихан апа жастық шағынан бері қол жетпеген арманын орындап, университетке түсу үшін ҰБТ тапсырып көруді ұйғарған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық тестілеу орталығы таратқан мәлімет бойынша, Нұрихан апа бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, жоғары білім ала алмаған. Биыл ақ жаулықты ана оқуға түсу үшін тест тапсырып көруге бел буыпты. Жақындарының қолдауымен ол ҰБТ-ға тіркеліп, көптен күткен сәтке жетті.

"Тестілеу күні балалары демеуші болып жанынан табылды. Емтихан басталар алдында Нұрихан апа талапкерлерге ақ батасын беріп, "Оқу мен білімге ұмтылу – ешқашан кеш емес" екенін жүрекжарды тілегімен жеткізді. Бұл жолы компьютермен жұмыс істеу дағдысының жоқтығы тест тапсыруға кедергі болды", – делінген тестілеу орталығы хабарламасында.

Дегенмен Нұрихан апа компьютерді үйреніп, келесі жылы қайта келуге ниетті екенін айтты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.