Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысының аграршылары арзандатылған дизель отынын алуға асықпайды  

Алматы облысының аграршылары арзандатылған дизель отынын алуға асықпайды   

Бұған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аппараттық кеңес барысында назар аударды. Бүгінгі таңда аграршылар бөлінген 3,7 тонна отынның 1,1 тоннасын пайдаланған, бұл 30% құрайды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында мемлекет нарықтық 290 теңгенің орнына литріне 250 теңге бағасымен арзандатылған дизель отынын сатуда.

Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері gosagro.kz порталы арқылы осы жылдың жазында 3,7 тонна дизельдік отынға өтініш берген. Энергетика министрлігі сұратылған көлемді уақтылы жеткізуді қамтамасыз етеді. Бірақ бүгінде шаруалардың көбісі бөлінген отынды алуға асықпайды. Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдары ғана ЖЖМ-нің 53% - ын пайдаланды. Ал, қалған аудандар жартысына да жеткен жоқ.

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев аудан әкімдеріне шаруа қожалықтарының басшыларымен мәселені шешуді және бөлінген лимиттердің толық игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары