Алматы облысында 11-сынып оқушысының өліміне байланысты күдікті ретінде оның сыныптасы екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалған.
«Қазір тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Мектеп директоры қызметінен босатылды. Ал директордың орынбасары мен екі сынып жетекшісіне қатаң жаза қолданылды», – деді Санжар Әділов.
Қайғылы жағдай 2025 жылғы 24 мамырда белгілі болды. Полиция мәліметінше, өңірдегі мектептердің бірінде 11-сынып оқушысын өлтірді деген күдікке оның сыныптасы ілінген.