ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің мәйіті табылды

Алматы облысында жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің мәйіті табылды

Алматы облысында бұған дейін жоғалып кеткені хабарланған 18 жастағы студент Айгүл Амангелдінің денесі табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Полиция дерегінше, Амангелдінің денесі 19 мамыр күні 17.30-да Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылының маңынан табылған.

Tengrinews сайты "Туыстары мәйіттен Айгүл Амангелдіні таныды. Денесінде оған зорлық жасалғанын көрсететін із жоқ. Алдын ала дерек бойынша, Амангелді өзіне-өзі қол жұмсаған. Сот-медициналық сараптамасы өлімнің нақты себебін анықтайды" деген полиция сөзін келтіреді. Департаменттің хабарлауынша, "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Айгүл Амангелді 13 мамырда Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылындағы үйінен шығып кеткен. БАҚ-тың хабарлауынша, Амангелді оқу орнына емтихан тапсыруға бара жатқан. Бірақ университетке келмеген. Полиция студентке іздеу жарияланғанын 15 мамырда хабарлады. Оны іздеуге туыстары мен еріктілер де қатысқан.


Azattyq
Автор
Әлихан