Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында таудағы өртті сөндіру кезінде үш адам мерт болды

Алматы облысында таудағы өртті сөндіру кезінде үш адам мерт болды

Алматы облысында 5 тамызда таулы жердегі өртті сөндіру кезінде екі жергілікті тұрғын мен мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің инспекторы мерт болып, тағы жеті адам зардап шеккен. Бұл туралы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік дерегінше, ол адамдар Панфилов ауданындағы Талды ауылдық округінде өртті сөндіруге қатысқан. Денесі күйіп, біреуінің аяғы сынған жеті адам Жаркент қаласындағы ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге төтенше жағдай қызметі және полиция өкілдерімен бірге жергілікті тұрғындар мен орман шаруашылығы жұмысшыларынан құралған "өртке қарсы еріктілер" тобы да жұмылдырылды делінген ақпаратта.

Министрліктің мәлімдеуінше, "жетуге қиын жердегі" өртті сөндіруге арнай құралы бар тікұшақ жіберілген, алайда "су алатын қойма болмағандықтан тікұшақты адам тасуға және аспалы өрт сөндіргішке қажетті сумен қамтамасыз етуге" пайдаланған.

Ішкі істер министрлігі таулы аймақтағы қураған шөп тұтанып, өртке ұласқан болуы мүмкін деп болжайды. Қазір өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.


Azattyq
Автор
Мадияр