Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында қаза тапқан полицейге қатысты тың дерек айтылды

Алматы облысында қаза тапқан полицейге қатысты тың дерек айтылды
ашық дереккөзден

Алматы облысы Кеген ауданындағы таулы аймақтан ер адамның өртенген денесі табылды. Кейін оның Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында аға жедел уәкіл болып қызмет еткен Аслан Әлсеров екені анықталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәліметке сәйкес, мәйіт Көкпек – Көктал – Кеген тасжолынан шамамен 400 метр қашықтан табылған. Өртеніп жатқан денені мал іздеп жүрген шопан байқап, дереу полицияға хабар берген.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары қаза тапқан адамның жеке басын анықтады. Алдын ала дерек бойынша, оның денесі қатты күйген, ал оң қолынан өртенген арқанның қалдықтары табылған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыс Алматы қаласындағы пәтерде жасалған болуы мүмкін. Кейін ізін жасыру мақсатында мәйіт таулы аймаққа жеткізіліп, өртелген деген болжам қарастырылып жатыр.

Полицияның хабарлауынша, аталған іске байланысты марқұмның жұбайы мен ұлы күдікке ілінген.

"Кеген ауданында ер адамның жанып кеткен мәйіті табылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 23 маусым күні полицияға таулы аймақтан мәйіттің табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Қаза болған адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Мәліметке қарағанда, марқұмның жұбайы бұрын полиция саласында қызмет еткен. Оның оқиғаға қатысы бар-жоғы тергеу барысында анықталады.

Іс бастапқыда "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергелген. Кейін ауыр қылмыс құрамына қайта сараланғаны хабарланды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер