Қазақстан Қытайдағы Әлем кубогында төртінші алтынды иеленді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда қаза тапқан 12 жастағы баланың өліміне қатысты тың деректер айтылды

Алматыда қаза тапқан 12 жастағы баланың өліміне қатысты тың деректер айтылды
Ulysmedia.kz коллажы

Алматыда 12 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қайғылы оқиға бойынша күдікке ілінген кәмелетке толмаған бала мамандандырылған арнайы мекемеге орналастырылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алматы қаласы Полиция департаменті Түрксіб ауданында болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобын құрған. Оның құрамына тәжірибелі тергеушілер мен жедел уәкілдер кірген.

Қазіргі уақытта оқиға орны мен оған жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбалары тексеріліп жатыр. Сондай-ақ іске қатысы болуы мүмкін өзге де цифрлық деректер зерттеліп, қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, тергеу барысында барлық ықтимал нұсқа қарастырылып жатыр.

“Оқиға орны мен оған іргелес аумақтардағы бейнежазбалар, сондай-ақ болған жағдайдың объективті көрінісін анықтауға маңызы бар өзге де цифрлық деректер зерттеліп, іс материалдарына қосылды. Барлық уәждер мен нұсқалар тексеріліп жатыр”, – деді ол.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ауыр қылмысқа кәмелетке толмаған бір жасөспірімнің қатысы болуы мүмкін. Ол ұсталып, арнайы мекемеге оқшауланған.

Полицияның хабарлауынша, екі жасөспірімнің арасында бұған дейін келіспеушілік болған. Алдын ала дерек бойынша, олардың арасындағы жанжал өзара араздықтан басталып, кейін пышақ қолданылған қайғылы жағдайға ұласқан.

Салтанат Әзірбек қолдағы бейнежазбалар мен хат алмасуларға сүйене отырып, қаза тапқан жасөспірімнің күдіктінің тұратын жеріне өзара мәселені шешу үшін барғаны алдын ала анықталғанын айтты.

“Қазіргі уақытта жәбірленуші тарапқа істің барлық мән-жайы түсіндірілді”, – деп қосты полиция өкілі.

Бұған дейін Алматыда 12 жастағы мектеп оқушысының көптеген пышақ жарақатынан көз жұмғаны хабарланған еді. Аталған іске 13 жастағы жасөспірімнің қатысы болуы мүмкін деген болжам қарастырылып жатыр. Марқұмның туыстары күдіктінің кәмелетке толмағанына байланысты заң алдындағы жауапкершілік мәселесіне алаңдаулы екенін айтқан.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер