KZNews.kz
Саясат

Алматы облысы әкімінің орынбасары ауыр жол апатына түсті

Ayzhan Sylanova

Ресми мәліметке сәйкес, шенеунік бас сүйегінен жарақат алып, миы шайқалған. Сондай-ақ кеуде қуысы ағзалары зақымданып, бірнеше қабырғасы сынған.

Ол Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханаға жедел жеткізілді. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы қазіргі жағдайын тұрақты деп бағалап отыр:

"Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаевтың жағдайы тұрақты. Қажетті медициналық көмек хаттамаға сай көрсетіліп жатыр", – делінген ресми хабарламада. 

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары