«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы метро желісін салу кезінде 5 млрд теңге жымқырылған

Алматы метро желісін салу кезінде 5 млрд теңге жымқырылған

Алматы метро желісін салу кезінде 5 млрд теңгені жымқыру ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды бас көлік прокуратурасы.

«Күдіктілер Алматыдағы метрополитенінің жаңа желісін салу кезінде ауқымды басқару функциясына ие болған. Дәл осы өкілеттіктерді пайдаланып, олар 5 млрд теңгені жымқырған. Ол үшін күдіктілер жалған баға ұсыныстарын жинақтап, солардың негізінде құны 10 есе жоғары болатын құрал-жабдықтарды сатып алуға смета жасады. Бүгінгі таңда қылмыстық іс сотқа жолданған», - делінген хабарламада.

"Метрополитен" КМК бұрынғы басшылығы, сондай-ақ мердігер ұйымдар - "Алматыметроқұрылыс" АҚ және "Автоматтандыру және технологиялар сервисі" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеу аяқталды. Іс Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде иемденіп алу немесе жымқыру") және 216-бабының 3-бөлігі ("Қылмыстық топтың жұмыстарды, қызметтерді нақты орындамай, тауарларды жөнелтпестен шот-фактура беру") бойынша тергелді.

Тергеу мәліметі бойынша, жымқырылған қаражатты "жалған кәсіпорындар" арқылы қолма-қолға айналдырды. Жымқырған ақшаны қайтару үшін үш қымбат пәтерге, Алматы қаласындағы бір кеңсеге, Алматы облысындағы жер учаскесіне, люкс автокөліктеріне, брендтік сағаттарға және күдіктілердің басқа да бірқатар активтеріне тыйым салынды.

фото: kapital.kz
Автор
Айбар