Шоу-бизнес

“Алимент қарызы 1,5 миллион” - Фариза Алмазқызы танымал актердің тағы бір былығын әшкереледі

“Алимент қарызы 1,5 миллион” - Фариза Алмазқызы танымал актердің тағы бір былығын әшкереледі
Фото: ашық дереккөз

Танымал әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жары Фариза Алмазқызы экс-күйеуінің балалары алдындағы алимент қарызы жөнінде ашық айтып, көптің талқысына түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Айтуынша, Нұрсұлтан Жақсыген алимент төлеуден жалтарып, қарызды бөліп жабуды ұсынып отырған.

"Алимент қарызы 1,5 млн екен. Маған жаңа номерімен жазып жатыр: 'Қазір 500 мың берем, сен арызыңды ал, сосын қалғанын берем' дейді. 'Ақшаңды тезірек алғың келсе, арызыңды алып қолхат жазып бер' дейді. Бұл жерде мен ақымақпын ба әлде мені ақымақ қылып тұр ма?!", – деп жазды Фариза Алмазқызы оқырмандарына сауал тастап.

Желі қолданушыларының басым бөлігі Фаризаны қолдап, алимент мәселесінде заңға жүгіну керектігін айтқан.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Жақсыген мен Фариза Алмазқызы 2018 жылы шаңырақ көтерген. Алайда былтыр жайдарманшы жұбайымен ажырасқанын жариялаған болатын.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz