Әлеуметтік желіде белгілі блогер әрі әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үлкен дау өршіп тұр. Қолданушылар оның бұрынғы жары мен балаларына бағыттаған әдепсіз және қорлайтын сөздерін сынға алып, оған қарсы бойкот жариялауға шақыруда, деп хабарлайды kznews.kz.
Желіде тараған мәліметтерге сәйкес, Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайына жазған жекеменшік хаттары мен хабарламаларының скриншоттары жария болған. Сол жазбаларда блогер әйелін кемсітіп, оның жеке өміріне қатысты ауыр әрі ар-намысына тиетін сөздер қолданған.
Ол бұрынғы жұбайын “көшедегі әркімнің біреуі”, “есік көрген қызды ешкім бағаламайды” деген тәрізді қорлайтын тіркестермен балағаттап, тұрмыстық жағдайы мен сырт келбетіне тіл тигізген. Сонымен қатар, өзінің одан “ештеңе күтпейтінін”, “ондай әйелдің қадірі жоқ екенін” айтып, түрлі дөрекі сөздермен жеке тұлғасына тиісіп жазған.
Мәселен, оның хаттарында мынадай сөйлемдер кездеседі:
“Бәрібір сені ешкім жақтырмайды. Ажырасқан, көшедегі біреудің ермегісің ғой... Он бала тусаң да, маған қадірің жоқ... Есік көрген қызды ешкім бағаламайды. Сол үшін осылай қаласың, әркімнің біреуі болып...”
Бұл жазбалар көпшіліктің ашу-ызасын тудырып, әлеуметтік желілерде кең талқыланды. Қолданушылар блогердің мұндай әрекетін қоғамдық мораль мен этикаға қайшы деп бағалап, оны жауапқа тартуды талап етті.
Оқиға жария болған соң, Нұрсұлтанның бұрынғы жары Фариза өз парақшасында жұрттың қолдауына алғыс білдірді:
“Бұлай шулап кетеді деп ойламадым, әсіресе Threads-та қатты талқыланып жатыр. Барлықтарыңыздың жылы сөздеріңіз бен қолдауларыңызға рахмет. Директтегі хаттардың бәрін оқып отырмын”, — деп жазды ол.
Қазір бұл жағдай желіде кеңінен талқыланып, қоғамда инфлюенсерлердің жауапкершілігі мен этикалық мәдениеті туралы пікірталас тудырып отыр.