Жантілек Нұртілепұлы «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазы атанды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алимент қарызы 18 млрд теңгеден асты

Алимент қарызы 18 млрд теңгеден асты
Фото: ашық дереккөзден

Ел ішінде алимент төлеуден жалтарып жүрген 12 мыңға жуық адамның жалпы берешегі 18 млрд теңгеден асып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл тізімдегі борышкерлердің басым бөлігі ер-азаматтардан тұрады екен. Сонымен қатар алимент бойынша қарызы бар 7 мыңнан астам әйел тіркелген көрінеді 

Айтпақшы, 25-тамыздан бастап алимент төлемдерін аударудың жаңа тәртібі енгізіледі. Бұдан былай өндірілген алимент қаражаты арнайы банктік шотқа аударылады. Жаңа тәртіптің негізгі мақсаты алимент ретінде өндірілген қаражатты өзге қарыздар мен міндеттемелерден қорғап, оны тікелей бала мен алимент алушының қажетіне жұмсауды қамтамасыз ету болып отыр.

Ал арнайы шотқа түскен алиментке басқа міндеттемелер бойынша тыйым салынбайды. Бұл ретте арнайы шоттың болмауы борышкерді алимент төлеу міндетінен босатпайды. Жиналған қарыз бұрынғыдай өндіріп алуға жатады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.