"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter шоуының финалына шықты

Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter шоуының финалына шықты

Қазақстандық ММА спортшысы Әліби Ыдырыс UFC ұйымдастыратын The Ultimate Fighter (TUF) шоуының 33-маусымында финалға жолдама алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жартылай финалдық жекпе-жекте Ыдырыс Венесуэла өкілі Ройберт Эчеверриямен кездесіп, бірінші раундта тізесімен ұрған соққысымен қарсыласын нокаутқа түсірді.

Жеңіске жеткеннен кейін Әліби октагонның бұрышында отырған UFC президенті Дана Уайтқа жақындап, оған үн қатты.

"Дана, менің атымды есте сақта! Сенен бонус күтемін, бауырым! Менің атым – Әліби Ыдырыс. 12 жеңіс, бірде-бір жеңіліс жоқ. Мен — жеңіл салмақтағы жаңа жұлдызбын! Қазақстан, алға!", – деді спортшы.

Айта кетейік, TUF-тың 33-маусымында командаларға UFC аңыздары Чейл Соннен мен Дэниель Кормье жетекшілік етуде. Жоба турнир форматында өтеді: спортшылар финалға дейін жекпе-жек өткізіп, жеңімпаз UFC-мен эксклюзивті келісімшартқа ие болады.

Айта кететін тағы бір жайт — UFC тек шоу жеңімпаздарын ғана емес, TUF-та өзін жақсы қырынан көрсеткен басқа қатысушыларды да жиі келісімшартқа тартады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.