13 жастағы қызға интимдік ұсыныс жасаған: Ақтауда мектеп күзетшісі күдікке ілінді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алғашқы түлектер және 5 000 студент: KNUS жетістіктері Reuters платформасында жарияланды

Алғашқы түлектер және 5 000 студент: KNUS жетістіктері Reuters платформасында жарияланды
фото: Knus.edu.kz

Reuters платформасында Қазақ ұлттық спорт университетінің алғашқы түлектері, студенттер санының 5 000-нан асуы және халықаралық ынтымақтастығы туралы материал жарияланды.

Қазақстандық жоғары оқу орны халықаралық ақпараттық Reuters платформасының назарын аударды. 2026 жылғы 8 қазанда агенттік сайтында Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) алғашқы түлектері, студенттер санының өсуі және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы материал жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, университет құрылғаннан кейінгі бес жыл ішінде білім алушылар санын 2022 жылғы 260 адамнан 5 000-нан астам адамға дейін арттырған. 2026 жылы оқу орнының алғашқы түлектері білім алды. Бұл көрсеткіштер университет қызметінің халықаралық ақпараттық алаңда жариялануына негіз болған басты факторлардың бірі болды.

Материалда KNUS-тің спорттық даярлықты, ғылыми зерттеулерді, заманауи технологиялар мен басқару құзыреттерін ұштастыратын білім беру моделіне ерекше назар аударылған. Университет Қазақстан мен Орталық Азияның қажеттіліктеріне бейімдей отырып, Лафборо университеті және Кёльндегі Германияның спорт униерситеті секілді оқу орындарының халықаралық тәжірибелерін басшылыққа алады.

Сондай-ақ университеттің халықаралық байланыстары атап өтілген. Жарияланымда Біріккен күрес әлемі (UWW), Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК), Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) және Халықаралық киберспорт федерациясымен (IESF) ынтымақтастық туралы айтылған. Бұдан бөлек, ауылдық жерлерден шыққан және әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын жастарды қоса алғанда, дарынды студенттерді қолдауға бағытталған стипендиялық бағдарламалар туралы мәлімет берілген.

Халықаралық ақпараттық алаңда жарияланған материал қазақстандық спорттық білім берудің даму тарихын шетелдік аудиторияға таныстыруға мүмкіндік береді. Жарияланымда университеттің сандық көрсеткіштерінің өсуімен қатар, мамандар даярлау тәсіліне, халықаралық ынтымақтастыққа және білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге басымдық берілген.

 

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан