KZNEWS.KZ
Спорт

Алғашқы алтын, жаңа рекорд: Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарында ел мерейін асырды

• Асқар Алтайұлы
Фото: GOV.KZ

Қазақстандық спортшы пара оқ атудан R1 дисциплинасында – пневматикалық винтовкамен 10 метр қашықтықтан нысана көздеуде үздік шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Финалда 249,1 ұпай жинаған Еркін қарсыластарынан озып, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты. Күміс жүлдені 248 ұпаймен Оңтүстік Корея өкілі Парк Джинхо алды. Оның отандасы Ли Джанхо 226 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Бұл жеңістің Еркін үшін маңызы ерекше: алтын медальмен бірге ол Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Паралимпиада ойындарына қатысу құқығына ие болды.

Бұған дейін Паралимпиада ойындарында күміс жүлде жеңіп алған қазақстандық мерген енді Азия Пара ойындарының чемпионы атанып, жанкүйерлерін тағы бір жарқын жеңісімен қуантты.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →