"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемдегі ең үздік жас химик: Қазақстандық оқушылар төрт медаль иеленді

Әлемдегі ең үздік жас химик: Қазақстандық оқушылар төрт медаль иеленді

Қазақстандық оқушылар халықаралық деңгейде өткен IChO-2025 олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқушылар арасындағы ең беделді халықаралық пәндік олимпиадалар басталды. Атап айтқанда, IChO, IPhO, IMO, IBO, IGeO, IOL, IOІ. Халықаралық химия олимпиадасына Қазақстанның атынан қатысқан төрт оқушы да жүлдемен оралды. Оның екеуі – алтын медаль.

Олимпиада 5-14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті. Әлемнің 93 елінен 360-тан астам оқушы қатысқан бұл зияткерлік додада Қазақстан ұлттық құрамасындағы төрт оқушы тамаша нәтиже көрсетіп, еліміздің жас химиктерінің көшбасшылық мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Кирилл Ким — Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

Абылай Кабдулхадыр — Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

Еңлік Бақытбекова — Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

Аңсар Жақсылықов — Ақтөбе облысындағы "Білім-инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы.

Ұлттық құрамаға ғылыми жетекшілік еткен:

Санжар Бегдаир – Korea Advanced Institute of Science and Technology (KAIST) магистранты, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;

Ринат Илюсизов – бірнеше мәрте халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпазы.

“Бұл жеңіс – жас буынның жарқын болашағына жол ашатын берік негіз деп сенемін. Жетістіктеріңіз еселене берсін, алар асуларыңыз биік болсын! Еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де талапты азамат болып өсулеріңізге тілектеспін”, –  деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, оқу-ағарту министрлігіне қарасты “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен, ұлттық құрама бірқатар халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысып, биылғы оқу жылында еуропалық және халықаралық олимпиадаларда 100% нәтиже көрсетіп үлгерді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.