KZNEWS.KZ
Спорт

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанның отбасында қайғылы жағдай орын алды

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Әлем чемпионы, еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан отбасында қаралы хабар болды. Спортшы әлеуметтік желіде атасы Жолдасбек Айтмұқанның қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Балуан жазбасында атасына деген сағынышы мен өкінішін жеткізіп, Олимпиада жеңісін арнауды армандағанын, бірақ оған үлгермей қалғанын айтты. Сондай-ақ ол көпшілікке жақын жандардың қадірін бағалауға шақырды.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан жуырда Ташкентте өткен Professional Wrestling League ұйымының турнирінде ресейлік Алихан Кцоевті жеңген болатын. Бұған қоса, биыл Таразда өткен жастар арасындағы жарыста да жаңа салмақта топ жарды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →