Шоу-бизнес

Алдағы үш күнде Астананың ауа райы қандай болады

KZNEWS KZNEWS
Алдағы үш күнде Астананың ауа райы қандай болады

Астана, BAQ.KZ. Елордалық Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында дабылды ескертулерге қатысты мәліметтер берілді.

"Астана қаласында 25-27 қарашада көктайғақ, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – секундына 15-20 метр. 25-27 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – кей жерлерде секундына 15-20 метр, 25 қарашада екпіні 25-ке жетеді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95 %" - делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, бұған дейін Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдардың жабылғанын және бүгін еліміз бойынша қандай ауа райы болатынын хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz