"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алаяқтарға алданып қалған Кәкен Қамзиннің үйінің ақшасы шетелге аударылып кеткен

Алаяқтарға алданып қалған Кәкен Қамзиннің үйінің ақшасы шетелге аударылып кеткен

Алматыда белгілі журналист, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Кәкен Қамзин алаяқтардың құрбаны болды. Қартайған шағында ол өзінің жалғыз баспанасынан айырылып қалуы мүмкін. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды  Kznews.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай айтты.

Қазіргі таңда күдіктіні анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмейді. Бұл азаматтың баспанасы – өз атына тіркелген жылжымайтын мүлік. Менің ойымша, ол баспанасыз қалмайды. Алаяқтық дерегіне құқықтық баға беріледі, – деді ІІМ өкілі Жандос Сүйінбай.

Профессор Кәкен Қамзиннің үйінің ақшасын алаяқтар шетелге аударылған.

Қазір заңға сәйкес ашып ештеңе айта алмаймын. Бұл қылмыс бойынша біз тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз. Мұндай қылмыстардың қайдан және қалай жасалып жатқанын білеміз. Қазір қылмыскерлердің ақшаны қалай алғаны туралы, қалай шетелге транзакциялармен кеткен туралы тексеріс жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ өкілі.

Сонымен бірге үйді сатып алғандардың бұл қылмысқа қаншалықты қатысы бар екені тексерілмек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.