Қазақстан VS Өзбекстан: бауырлас елдер экономикалық бәсекелес пе?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Алатын мұсылман табылса, некеңді өзім қиып беремін": салафизмның құрбаны болған әйелдер көмек сұраған

«Алатын мұсылман табылса, некеңді өзім қиып беремін": салафизмның құрбаны болған әйелдер көмек сұраған
Фото: Stan.kz/ AI Copilot арқылы жасалды

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек салафизмның құрбаны болған әйелдер туралы жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Заңгердің айтуынша, салафизм идеологиясының қазақ әйелдеріне келтірген зардабы енді айқын көріне бастаған.

“Соңғы бір аптаның ішінде дәл осындай жағдайға тап болған үш әйел көмек сұрап жүгінді. Соның бірі қазір дағдарыс орталығында жатыр. Үшеуі де шариғат жолымен некеге тұрған, төртінші-бесінші әйел болған жандар. Айтуларынша, некеге дейін ер адамдар уәдені үйіп-төгіп, бар жағдайды жасайтынын айтып сендірген. Алайда шариғатпен неке қиылғаннан кейін шынайы бет-бейнелері ашылған. Тіпті біреуі әйеліне «Егер сені алатын мұсылман табылса, некеңді өзім қиып беремін» дегенге дейін барған, - дейді Айгүл Орынбек.

Белсенді осы жағдайдан кейін көп әйел алуға үгіттейтін діндарларға үндеу жасады.

“Қазақтың ер азаматтарын көп әйел алуға үгіттеп жүрген ағалар, мекенжайларыңызды беріңіздерші. Мына әйелдерді үйлеріңізге жіберейін.Осы әйелдердің жанайқайын тыңдап, көз жасын сүртіңіздер. Өйткені бұл – сіздердің уағыздарыңыздың нәтижесі”, - деп жазды ол.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі