Символдық қадамнан - нақты ықпалдастыққа: "Бештепе" саябағы Түркі дүниесін қалай байланыстырды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда өзін дүкен иесі танысының қызы ретінде таныстырған әйел 34 млн теңгенің алтынын алып кеткен

Ақтауда өзін дүкен иесі танысының қызы ретінде таныстырған әйел 34 млн теңгенің алтынын алып кеткен
ашық дереккөз

Ақтаудағы зергерлік дүкендердің бірінен құны 34 миллион теңгеден асатын алты алтын бұйым ұрланды. Күдікті әйел дүкен сатушысына өзін сауда орны иесінің танысының қызы ретінде таныстырып, оның сеніміне кірген, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 22 қазанда сағат 14:19 шамасында Ақтаудың 4-шағынауданындағы сауда орталығында болған. Тергеу дерегіне сүйенсек, әйел алтын бұйымдарды жеңілдікпен сатып алғысы келетінін айтып, сатушыны алдаған. Ол алты әшекейді алып, ақысын төлеместен дүкеннен шығып кеткен.

Келтірілген шығын көлемі 34 миллион 195 мың теңге деп бағаланып отыр.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктілердің Алматыдан Ақтауға келген екі азамат екенін анықтаған. 24 қазанда олар Атырау облысындағы Сағыз ауылы маңында Toyota Camry көлігімен өңірден кетпек болған кезде ұсталды.

Көлікті тексеру кезінде полицейлер ұрланған алты алтын бұйымды тауып, тәркіледі.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі