Майлы дақылдар экспорты миллиард долларлық межеге жақындады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Айырылысатынымды айттым, қыз өзі пышақ сұқты”: Нұрай Серікбайдың бірінші сотында күдікті адам сенгісіз жайттарды баяндады

«Айырылысатынымды айттым, қыз өзі пышақ сұқты”: Нұрай Серікбайдың бірінші сотында күдікті адам сенгісіз жайттарды баяндады
Фото: instagram.com/ayankhan_omarov_advocate

Шымкентте Нұрай Серікбайдың соты басталды. Сотталушы 29 жастағы Шерхан Аймаханнан жауап алынды, деп хабарлайды kznews.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Айтуынша, ол Нұраймен 2025 жылдың жазында кездесе бастаған. Ол оған үнемі ақша аударып, сыйлық беріп, қазан айында үйленеміз деп шешкенін айтады.

11 қаңтарда қайғылы оқиға болған кезде Аймахан қызды кездесуге шақырып, айырылысатынын айтып, сақинаны қайтарады.

"Айырылысып жатырмыз" десем, ол ашуланып, сақинаны лақтырып жіберді. Нұрай кеудемнен ұрып, әдепсіз сөздер айтты. Қалтада пышақтар барын сездім. Кішісін алып шығып, оған бердім де, "Ұрғаннан гөрі осыны тық" дедім. Нұрай пышақ алып, оң жақ бүйірімнен ұрды... Әрі қарай не болғаны есімде жоқ", – деді сотталушы.

Сонымен қатар айыпталушы Нұрайдың туыстары олардың қарым-қатынасын білетінін және кездесуге келіскендерін айтты.

Еске салайық, қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студентті жас жігіт асқан қатыгездікпен пышақтап өлтірген еді. Нұрай Серікбай оқиға орнында тіл тартпай кетті. Күдікті көзі тірісінде қыздың қыр соңынан қалмай, тіпті алып қашқаны да анықталған. Полиция адам өлтіру мен сталкинг баптары бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.

Алайда араға үш ай салып 28 жастағы жігіттің уақытша ұстау изоляторынан Талғардағы психикалық орталыққа ауыстырылғаны белгілі болды. Марқұмның туыстары күдіктінің анықтама алып, жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қақты.

Артынша ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов сот-психиатриялық сараптамаға сәйкес, айыпталушы есі дұрыс деп танылғанын және заң алдында жауап беретінін хабарлады. 

Бұған дейін Нұрайдың отбасы сот отырыстарының тікелей эфирде көрсетілуін талап еткен.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.