Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасының біраз уақыт не себепті белсенді болмағанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның сөзінше, Instagram парақшасы уақытша бұғатталған. Осы аралықта ол әлеуметтік желіден алыстап, отбасына, балаларына және демалысқа көбірек көңіл бөлгенін жеткізді.
Айман Талғатқызы Instagram-сыз өткен бірнеше күн өзіне жақсы әсер еткенін атап өтті. Ол бұл уақытты ойда жүрген шаруаларын реттеуге, бала-шағасымен бірге болуға және рухани тынығуға арнаған.
"10 шақты күн бойы Instagram-сыз жақсы демалыс болды. Ойда жүрген шаруаларға көңіл бөліп, бала-шағаға уақыт арнадық. Отбасымызбен демалып, рухани азық алдық. Инстаның болмағаны да жанға тыныштық сыйлайды екен", – деп жазды ол.
Сонымен қатар Айман Талғатқызы парақшасын біреулер әдейі бұғаттатпағанын, оны Instagram платформасының өзі блоктағанын түсіндірді.