Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, оқырмандарының назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол жазбасында астарлы ойға толы сөз қалдырған.
"Теңіз астында бір өмір бар, бетіне шықса көбігі көп…" – деп жазды Айман Талғатқызы.
Осы жазбадан кейін желі қолданушылары түрлі пікір білдіре бастады. Кейбір оқырман оның бұл сөзін қуанышты жаңалықтың белгісі деп қабылдап, Айман Талғатқызы жүкті болуы мүмкін деген болжам айтты.
Әзірге Айман Талғатқызы бұл пікірлерге қатысты нақты түсініктеме берген жоқ.