Тоқаев мұғалімдерді жөндеу жұмыстары мен оқу процесіне қатысы жоқ шаралардан босатуды тапсырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айман Талғатқызы өзіне ең көп негатив кімдерден келетінін айтты

Айман Талғатқызы өзіне ең көп негатив кімдерден келетінін айтты
Айман Талғатқызы. Фото: ашық дереккөзден

Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өзіне жиі жағымсыз пікір жазатын адамдар туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, қазіргі жастар өзгенің жеке шекарасына құрметпен қарап, пікір білдіруде байыптырақ.

"Қазіргі жастар өте ақылды. Саналы. Біреудің жеке шекарасына кірмейді. Көздері ашық, көкірегі ояу. Ойларын саралай алады", – деп жазды ол.

Айман Талғатқызы өз парақшасына келетін ауыр сөздер мен теріс пікірлердің басым бөлігі жасы үлкен әйелдер тарапынан жазылатынын айтты.

"Маған негатив, қарғыс, ұятсыз сөздер жазатындардың 90 пайызы – апа, ене, құдағилар", – деді ол.

Оның пікірінше, кей адамдар өмірінде жиналған ренішін немесе жағымсыз тәжірибесін әлеуметтік желі арқылы өзге адамдарға бағыттап жатады.

Айман Талғатқызы мұндай пікірлердің астарында адамның ішкі күйі мен бұрынғы өмірлік тәжірибесі жатуы мүмкін екенін меңзеді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер