Алматы облысында балаларды ұрған мешіт ұстазы қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айман Талғатқызы Тұрсынбек Қабатовқа қатысты ренішін айтты

Айман Талғатқызы Тұрсынбек Қабатовқа қатысты ренішін айтты
Фото-коллаж: ozgeris.info

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман Талғатқызы өнер иесінің туған жері Оралда лайықты деңгейде бағаланбай жүргеніне қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі «ажырасқаннан кейін туған жері ұнатпай қалған шығар» деген болжам айтқан. Бұған Айман Талғатқызы қысқа жауап қалдырды.

"Ал құрметтесе, ажыраспай тұрып-ақ көрсетпей ме сол құрметтерін?" – деп жазды ол.

Айман Талғатқызының айтуынша, Тұрсынбек Қабатов 26 жыл бойы сахнада еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында еліміздің өзге өңірлерінде оған құрмет көрсетіліп, шапан жабылып, ат мінгізілген кездер де болған.

Алайда оның сөзінше, әзілкештің туған жері Оралда шығармашылығының 20 немесе 25 жылдығына арналған арнайы кеш ұйымдастырылмаған.

Сондай-ақ ол өнер иесіне туған өлкесінде қарапайым құттықтау қағазы да табысталмағанын айтып, осы жайтқа көңілі толмайтынын білдірді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер