Базалық мөлшерлеме төмендеді: Ұлттық банктің не ойлағаны бар?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айман Талғатқызы неге бренд киім кимейтінін түсіндірді

Айман Талғатқызы неге бренд киім кимейтінін түсіндірді
ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі сынға жауап беріп, бренд киімге қатысты көзқарасын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оған оқырмандардың бірінің жазған пікірі себеп болған. Желі қолданушысы Айман Талғатқызының киім үлгісін сынап, "Үстіңізден брендтің біреуін көрмедім, базар ғой" деген пікір қалдырған.

Айман Талғатқызы бұл сынға сабырмен жауап беріп, бренд киімді міндетті түрде кию керек деген түсінікпен келіспейтінін жеткізді.

"Енді кәдімгі адам емеспіз бе? Неге бренд киюім керек? Дым көрмегендей брендтің бәрін жапсыра алмайды екенмін. Маған ол мақтаныш немесе дәреже емес", – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол адамның стилі тек қымбат киіммен өлшенбейтінін айтты. Оның пікірінше, бастысы – киімнің жарасуы мен адамның талғамы.

"Бренд шығаратындардың өзі сол брендті кимейтінін білесіз бе? Бүтін киетін киім мен талғам болса, сол бренд. Сен не кисең де үйлесе кетсе, демек, сен брендсің!" – деді Айман Талғатқызы.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер