“Аяқталмаған мәселе бар”: Жәнібек Әлімханұлы Альваресті жекпе-жекке шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Аяқталмаған мәселе бар”: Жәнібек Әлімханұлы Альваресті жекпе-жекке шақырды

“Аяқталмаған мәселе бар”: Жәнібек Әлімханұлы Альваресті жекпе-жекке шақырды
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы суперорта салмақ дәрежесіне ресми түрде ауысқанын мәлімдеп, әлемдік бокстың ең танымал жұлдыздарының бірі Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Боксшы Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде мексикалық чемпионға арнайы үндеу жариялады.

«Канело, мен сенің салмағыңа өттім! Екеуміздің арамызда аяқталмаған мәселе бар», – деп жазды Әлімханұлы.

Бұған дейін қазақстандық былғары қолғап шебері орта салмақтағы мансабын аяқтағанын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, енді ол суперорта салмақта жаңа белестерді бағындыруды көздейді.

«Енді жолымызды суперорта салмақта жалғастырамыз. Бұл дивизионда атақты боксшылар көп. Бұрын менімен бір салмақта өнер көрсеткен спортшылардың біразы қазір осы салмақта чемпион атанды. Енді олардың да тынышын бұзатын уақыт келді», – деген еді Жәнібек.

Еске салайық, бұған дейін WBO президенті Густаво Оливьери The Ring басылымына берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы чемпиондық белбеуінен бас тартып, суперорта салмаққа ауысу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.