Тоқаев Мәскеуге барды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда жеке үй өртеніп, бес адам қаза тапты, біреуі бала болып шықты

Алматыда жеке үй өртеніп, бес адам қаза тапты, біреуі бала болып шықты
Фото: видеодан алынды

Алматының Бостандық ауданында жеке тұрғын үй өртеніп, бес адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар., деп хабарлайды kznews.kz.

26 қарашада таңғы сағат 03:44-те 112 пультіне Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі шақырту түскеннен кейін төрт минуттан соң оқиға орнына жеткен. Алайда өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен отқа оранып, жалын қарқынды таралған.

Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Оны ауыздықтауға ТЖД-ның 35 қызметкері мен тоғыз арнайы техника жұмылдырылған.

Оқиға орнынан бес адамның мәйіті табылды. Олардың бірі – кәмелетке толмаған бала.

Қазір өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тақырып бойынша оқыңыз

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі