Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жәнібек Әлімханұлы Альваресті басып озды

Жәнібек Әлімханұлы Альваресті басып озды
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік pound-for-pound (P4P) рейтингінде мексикалық жұлдыз Сауль Альварестен озып шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек жаңартылған рейтингте алтыншы орынға көтерілген. Ал жанкүйерлерге «Канело» деген атпен танымал Сауль Альварес сегізінші сатыға төмендеді. Бұған дейін қазақстандық былғары қолғап шебері бесінші орында тұрған еді, алайда ресейлік Дмитрий Бивол оны бір орынға ығыстырған.

Әлімханұлы кәсіби мансабында әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Оның еншісінде 17 жекпе-жек пен 17 жеңіс бар, соның 12-сі нокаутпен аяқталған. Соңғы кездесуінде, 2025 жылдың сәуірінде, ол француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Соған қарамастан, қазіргі таңда қазақстандық чемпион допинг сынамасына байланысты уақытша жарыстардан шеттетілген. Дегенмен WBO ұйымы оның чемпиондық белбеуін сақтап қалды.

Ал Сауль Альварес үшін соңғы кезең сәтсіз өтті. Ол америкалық Теренс Кроуфордтен жеңіліп, суперорта салмақтағы барлық чемпиондық атағынан айырылды. Кейін шынтағына операция жасатып, уақытша рингтен кеткен.

Boxing Metrics жасаған рейтингте жапониялық Наоя Иноуэ көш бастап тұр. Одан кейін Александр Усик, Теренс Кроуфорд, Шакур Стивенсон және Дмитрий Бивол орналасқан.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.