“Ноталық сауаты жоқ”: Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа өкпелі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Ағамыздан айырылып қалдық": Танымал блогердің отбасында қайғылы жағдай болды

"Ағамыздан айырылып қалдық": Танымал блогердің отбасында қайғылы жағдай болды
Фото-коллаж: Kznews.kz / ЖИ

Белгілі блогер Бердах Бекетовтің әпкесі Перизат Бекетова отбасында қайғылы жағдай болғанын хабарлады. Ол жақын туысы Дархан есімді ағасының өмірден өткенін айтып, ауыр қайғысын бөлісті.

Перизат Бекетова әлеуметтік желідегі парақшасында өткен аптаның соңы отбасы үшін ауыр болғанын жазған. Оның айтуынша, әулеттегі ең үлкен бөле ағасы Дархан өмірден озған. Марқұм соңғы кездері Бердахты сағынып, онымен кездесуді қалаған екен.

"Өткен аптаның соңы ауыр келді… Бөленің бастауы болған ең үлкен бөлеміз – Дархан ағамыздан айырылып қалдық. Жаздан бері "Мені Бердахқа алып баршы, бөлемді сағынып кеттім" деп жүргенде, біз енді оны сағынатын боламыз. Мына кең фәниге сыймай кете барды…

"Мамамның апасы Күнімкүл апам 11 жыл бұрын өмірден өтіп еді… Жанына ұлын жерледік… Бұл жалған осындайдан тұрады екен ғой…" – деп жазды Перизат Бекетова.

Ол қаралы хабарды Бердахқа жеткізу өзіне өте ауыр екенін мойындаған. Сондықтан бұл жолы туысының қазасы туралы оған айтпауға шешім қабылдаған.

"Бес жылда талайлар кетті… Маған Бердахқа ауыр хабарды айту өте ауыр. Бұл жолы айтпаймын деп шештім… Себебі онсыз да қамалып отырған адамның жанын жараламайыншы…" – деп жазды Перизат Бекетова.

Перизат Бекетова қайғылы хабарын өмірдің өткіншілігі мен жақын адамдарды бағалаудың маңызын еске салатын сөздермен аяқтаған.

"Тірі кезімізде бір-бірімізді қадірлейік", – деп жазды ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер