"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әбіләзов БТА-ға 7,1 миллиард доллар өтейді

Әбіләзов БТА-ға  7,1 миллиард доллар өтейді

Нью-Йорк Жоғарғы соты Мұхтар Әбіләзовті БТА банкке 7,1 миллион доллардан астам қаражат төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

— АҚШ пен Англия соттары Мұхтар Әбіләзовтың БТА-ға қарсы ауқымды алаяқтық схеманы жүзеге асырудағы рөлін таныды. Бұл фактіге күмән келтіруге болмайды және БТА Әбіләзов жасырын пайдаланған  тұлғалар  мен компаниялардан ұрланған миллиардтарды іздеуге және өндіруге тырысуда, – деді БТА заңгері Мэттью Л. Шварц.

Мұхтар Әбіләзов – Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айырылған бұрынғы банкир. Ол кісі өлтірді, ірі қаржы жымқырды және алаяқтық жасады деп айыпталған. Ол Қазақстаннан қашып, Франциядан баспана алды.

Әбіләзов өз кінәсін мойындамай отыр. Ол құрған ҚДТ қозғалысы Қазақстанда экстремистік деп танылып, оның жақтастары билік тарапынан қудалануда, Әбіләзов ұйымдастырған бейбіт шерулерге қатысушылар көбінесе әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Автор
Еркебұлан