Яғни, Жаңа жылдан шамамен 1,4 миллион адамның табысына қатысты қайта есептеу жүргізілмек.
Жалпы, Еңбек министрлігінің биылғы маусымда жариялаған мәліметі бойынша елімізде ең төменгі жалақы мөлшерінде немесе одан төмен табыс алатын азаматтардың саны шамамен 1,4 млн адам екені айтылған. Ал олардың 38 пайызын жастар құрайды екен
Сондай-ақ, Еңбек министрлігінің мәліметіне сәйкес, ең төменгі жалақы деңгейінде немесе одан төмен табыс алатындар ауыл шаруашылығында, өңдеуші өнеркәсіпте, көтерме және бөлшек саудада көбірек шоғырланған көрінеді.
Айтпақшы, Президент белгілеген 110 мың теңге қазіргі ең төменгі жалақыдан 25 мың теңгеге немесе 29,4 пайызға жоғары көрсеткіш. Яғни, ең төменгі жалақының 29,4 пайызға өсуі табысы аз азаматтарды қолдауға мүмкіндік береді деуге болады.