Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

8 жасар бүлдіршін кәріліктен көз жұмды - Қазақстан жаңалықтары

8 жасар бүлдіршін кәріліктен көз жұмды - Қазақстан жаңалықтары

Украинада ерте қартаюдан зардап шеккен сегіз жасар Анна Сакидон көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Волинск облыстық балалар аумақтық медициналық бірлестігінің анестезиология бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары Надежда Катаманның айтуынша, өлім полиоргандық жетіспеушіліктің салдарынан болды.

Дәрігердің сөзінше, осындай диагноз қойылған балалардың өмірі 8-10 жылға ғана созылады.

"Бұл қыз бізде кішкентай кезінен бастап қаралды. Ақпан айында Анна 8 жасқа толды. Прогерия диагнозы бар балалардың өмір сүру ұзақтығы 8-10 жыл болғандықтан, оның биологиялық жасы 70-80 жасты құрады. Аннаның салмағы 8 келі болса да, балада ішкі ағзалар мен жүйелердің ерте қартаюы болды", – деді Катаман.

Дәрігер мұндай диагнозы бар науқастарда қаңқа өспейтінін, бірақ ішкі мүшелер өсетінін айтты. Науқастар көбіне инсульттен көз жұмады.

Анна бірнеше рет инсульт алған, сондай-ақ, ол аяқ-қол тетрапарезінен зардап шекті.


stan.kz
Автор
Айбар