Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

60 миллион теңге пара алған: Экс-шенеунік Ислам Әбішевке сот үкімі шықты   - Қазақстан жаңалықтары

60 миллион теңге пара алған: Экс-шенеунік Ислам Әбішевке сот үкімі шықты   - Қазақстан жаңалықтары

Бүгін елорда соты Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевті бес жылға түрмеге тоғытуға үкім кесті. Сондай-ақ, экс-шенеунікпен бірге оның сыбайласы – дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бұрынғы вице-президенті де төрт жылға абақтыға қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Пайғамбар жасынан асқан Ислам Әбішев пен Серік Төкеев қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтейтін болады. Және олардың белгілі бір лауазымда жұмыс жасауына тыйым салынады.  

Әбішевтің қолына былтыр наурыз айында кісен салынған. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген. Экс-шенеунік Солтүстік Қазақстандағы «Соколов» су құбырын жөндеп, Қызылжар ауданына су тартуға әлдебір компанияға «тендер ұтып берген» дейді тергеушілер. Бұл қызметіне 60 миллион теңге ауызбастырық алған көрінеді. Бірақ, параны тікелей емес, бүгін бірге сотталған Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Төкеев арқылы алдыртқан.

Нұр-Сұлтан қалалық сотында өткен бүгінге сот отырысына журналистер қатысқанымен, бейнекамераға түсіруге рұқсат берілген жоқ.


stan.kz
Автор
Айбар