"Алматыда самсадан чип шықты" – дәмхана иелері "цифрландырудан" хабарсыз
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“60 миллион несиесі бар, киносына барайық”: Журналист актер Қайрат Әділгерейді қолдауға шақырды

“60 миллион несиесі бар, киносына барайық”: Журналист актер Қайрат Әділгерейді қолдауға шақырды
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанда журналист Ербол Мәндібектің актер әрі шоумен Қайрат Әділгерейге қатысты үндеуі қоғамда қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистің айтуынша, өнер иесі қазіргі уақытта шамамен 60 миллион теңге көлеміндегі несиесін өтеп жүр. Ол былтыр актер қатысқан фильм жақсы табыс әкелгенімен, қаржының негізгі бөлігі түсірілім, жарнама және ұйымдастыру шығындарына жұмсалғанын атап өтті. Соның салдарынан актердің өзіне айтарлықтай пайда қалмаған.

Осыған байланысты Ербол Мәндібек көпшілікке үндеу жасап, жақын арада прокатқа шығатын «Хотя бы кинода-4» фильміне қолдау көрсетуге шақырды. Оның пікірінше, көрермендер кинотеатрға барып, отандық картинаны тамашалау арқылы актерге де, жалпы қазақ кино индустриясына да көмектесе алады.

Алайда бұл бастама қоғамда екі түрлі көзқарас қалыптастырды. Бірі ұлттық киноны қолдауды маңызды деп санаса, енді бірі танымал тұлғаның жеке қаржылық мәселесін көпшілікке жүктеу дұрыс емес деген пікірде.

Сын айтушылар қарапайым азаматтардың да несие жүктемесі бар екенін алға тартады. Олардың қатарында баспана, ем-дом немесе білім алу үшін қарыз алғандар аз емес. Осы тұрғыдан алғанда, белгілі адамның қаржылық қиындықтарын халыққа үндеу арқылы шешу қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды.

Қоғамда «отандық киноны қолдау» мен «жеке қаржылық жауапкершілік» ұғымдарының ара-жігін ажырату қажеттігі де жиі айтылып жатыр. Сарапшылар өнерді дамыту маңызды болғанымен, әр адамның қаржылық міндеті өзіне тиесілі болуы тиіс екенін алға тартады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.