"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

6 алтын, 1 күміс: Қазақстандық боксшылар әлем кубогының финалында топ жарды

6 алтын, 1 күміс: Қазақстандық боксшылар әлем кубогының финалында топ жарды

Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогында спортшыларымыз алты алтын алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Виктория Графеева 60 келі салмақта бразилиялық Ребека Де Лиманы жеңді. Ал Наталья Богданова 70 келі салмақта оза шығып, аустралиялық боксшыны 4:1 есебімен ұтып кетті.

Күндізгі сессияны соңғы болып Санжар Тәшкенбай аяқтады. Ол 50 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Джей Брайан Барикуатроны жеңді. Ол қарсыласын нокдаунға түсірді.

Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 6 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль бар.

Кешкі сессияда әлі 5 боксшымыз жұдырықтасады.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық спортшылардыңәлем кубогында 3 алтын, 1 күміс алғанын хабарлаған едік.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.