77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды

77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды
Фото: ашық дереккөздерден

Елімізде тағы бір футбол клубы жекеменшікке өтті. Бұған дейін бірнеше рет бәссаудаға шығарылған "Атырау" ақыры сатылды.

Әзірге мұнайлы өлкедегі басты аяқдоп командасын кімнің сатып алғаны анық айтылған жоқ. Белгілісі, бастапқы құны 250 млн теңгеге бағаланып бірнеше рет саудаға шығарылған клуб 77 млн теңгеге өткен.

"Атырау" алғаш рет 2025 жылдың соңында жекешелендіру тізіміне енгізіліп, шамамен 250 млн теңгеге бағаланған еді. Алайда алғашқы аукциондар өтпей қалды. Кейін баға кезең-кезеңімен төмендеп, ақырында 77 млн теңгеге дейін түскен. 

Жалпы, бәссауда сарапшылары бұл жерде клубтың нарықтық құнының төмендігіне емес, өңірдегі футболды дамытуға бағытталған қадамның қымбатқа түсетініне назар аударып отыр екен.

Өйткені, бұған дейін облыстық бюджет пен демеушілер есебінен күн көріп келген клубтар елдегі жалпы футбол ойындарының дамуына жарытып үлес қоспағаны белгілі. Оның бір мысалын аймақтарда әлі күнге дейін халықаралық стандарттарға сай келетін стадиондар мен жаттығу алаңдарының салынбауынан көруге болады. Дәл осы жағдай Атырау облысына да тән.

Демек, "Атырауды" сатып алған инвестор бұл салаға кемінде 1 млрд теңгеге қаржы салуы мүмкін. Бәссаудадағы төмендетілген бағаның астарында осындай үлкен келісімдер болуы ықтимал. Анығында, енді жаңа қожайын өңірде футбол академиясын салу, клуб инфрақұрылымын дамыту мен команданы тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету міндетін атқаруға тиіс. 

Айтпақшы, бір "Атырау" ғана емес, басқа клубтар да символикалық бағамен сатылып жатқанын көріп отырмыз. Мысалы, Қарағандының "Шахтері" шамамен 55 млн теңгеге, ал "Тараз»" ФК тіпті, 10 млн теңгеден сәл асатын сомаға өткен болатын.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.